"Дихан негізгі орта мектебі" КММ » Дихан ауылының негізгі мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дихан ауылының негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72776) 2-57-07
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Дихан негізгі орта мектебі" КММ
15
июль
2023

"Дихан негізгі орта мектебі" КММ

2022-2023 оқу жылының мониторингісі
2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы
Оқу жылында мектеп директорының басшылығымен күнделікті оқыту үрдісін басқару, бақылау және тексеру жұмыстары жоспарға сай жүргізілді.Мектеп оқушыларына мемлекеттік стандарттарды меңгертумен қатар, жеке тұлғаны дамытуға, интеллектуалдық қабілетін арттыруға ықпал ететін қосымша пәндер оқытылып, сапалы білім беру үшін барлық жағдайлар жасалды. Осының нәтижесінде мектебіміз оқу жылын табысты қортындылады.Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 70,6 пайызды құрады. Биылғы оқу жылында 58 оқушы 11 сынып жиынтығына топтастырылып, екі ауысымда оқытылды.17 педагог маман қызмет атқарды. 1 мұғалім декреттік демалыста. Мамандығы сәйкес келмейтін мұғалімдер жоқ.Мектепте 1-9- ші сынып оқушыларын оқыту жүзеге асырылды. Оқу тілі қазақша-ұйғырша және орысша.Мектеп мына режиммен жұмыс істеді: Мектепалды, 1-9 жалпы білім беру сыныптары 5-күндік жұмыс аптасы; Сабақтың басталуы :1-ші ауысым-08: 00- ден басталады. 2-ші ауысым-13:30-дан басталады. Сабақтың ұзақтығы-45 минут Сабақ режимі мектеп директоры бекіткен сабақ кестесімен өтіледі.Мектепалды сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы -35 апта, 1 -ші сыныптарда 35 апта, 2-9 ші сыныптарда 36 аптаны құрайды. 2022-2023 оқу жылында мектеп оқушылары 100 пайыз кітаппен қамтылды. Есепті мерзімде жалпыға бірдей білім беру сапасын арттыру мақсатында жыл көлемінде пәрменді жұмыс жүргізілді. Пән мұғалімдері күнделікті сабақта түрлі инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыра отырып, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту бағытында ғылыми тұрғыда ізденді.Мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдердің күнделікті сабақ беру, жаңа инновациялық технологияларды ендіру, оқыту тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарына тұрақты бақылау орнатылып, мұғалімдердің сапа мониторингі жүргізілді.Мектеп оқушыларының, қызметкерлердің, ата-аналардың мәліметтер қоры жинақталып «Күнделік.kz»жүйесіне енгізілді.Ұстаздарға, ата-аналарға және де оқушыларға «Күнделік.kz»жүйесімен жұмыс жүргізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп ұмытып қалған «пайдаланушы аты» мен «құпия сөздер» қайта жөнделіп берілді. «Күнделік.kz»электрондық журналы бойынша сабақ кестесі даярланып енгізілді.Ұстаздар мен оқушылардың басқа оқу орындарына ауысуы немесе ауысып келуі уақытылы дұрыс орындалып отырды.Әр тоқсан сайын келген-кеткен оқушыларды анықтап, оқушылар қозғалысын тіркеу журналына уақтында жазылып тұрды.2022-2023 оқу жылында әр тоқсан соңында . «Күнделік.kz»жүйесі бойынша кемшіліктер мен қателіктер ескертіліп жұмыс жүргізілді. БЖБ,ТЖБ кестесі жасалынып мұғалімдердің тапсырма алатын күндері белгіленіп,уақтында алынып тұрды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығын негізге ала отырып, БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек екенін.
Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылатынын.
БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейтінін.
Бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге болмайтыны,ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейтінін, бір оқу пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейтінін ескере отырып тапсырмалар орындалды. БЖБ тапсырмасы бойынша болған кемшіліктер уақтында түзетілді.
Сынып білім алушыларының ІV тоқсан бойынша сапа көрсеткіштері:
ІІІ тоқсанды 58 білім алушымен аяқтаған едік.ІVтоқсанды 58 білім алушымен бастап 58 білім алушымен аяқтадық.
Жалпы 2-4 сыныптардағы оқушы саны 18 болса оның 4 оқу озаты, оқу екпіндісі 7 жалпы сапа көрсеткіші 70.6 пайыз.
Жалпы 2-9 сыныптар бойынша бала саны- 35. Оқу озаты 7, оқу екпіндісі 17 . Сапа көрсеткіші 70.6 пайыз.

Похожие публикации: